ММА

Қуат Хамитов: Камил Гаджиев, сәуірде жекпе-жек беріңіз

Қуат Хамитов: Камил Гаджиев, сәуірде жекпе-жек беріңіз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өзі өнер көрсететін Fight Nights ұйымына көктемде жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Спортшы Instagram парақшасында: «Қолдан келгенше жаттығып жатырмыз. Камил Гаджиев, мен дайынмын! 18 сәуірге маған жекпе-жек беріңіз», - деп жазды.

Бұған дейін «Найман» лақап атымен танымал спортшының 17 сәуір күнге жоспарланған жекпе-жегі кейінге шегерілгені белгілі болған еді.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін осыдан бір жыл бұрын әзірбайжандық спортшы Нариман Аббасовқа қарсы өткізіп, жеңіліс тапқан болатын. Кейін «Найман» 25 желтоқсан күні Алматыда GFC 23 турнирінде өтетін жекпе-жегі болмай қалды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер