Бокс

Қанат Ислам: Денсаулық күтумен, қараумен қуатты болады

Қанат Ислам: Денсаулық күтумен, қараумен қуатты болады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты үндеу тастады.

– Ассалаумалейкум, ардақты ағайын! Қазір жер-әлемге тараған жұқпалы ауру тұтас адамзатты алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, бұл кезбелі дерт біздің елімізге де жетіп, төтенше жағдай жарияланды.

Енді мұндай жағдайда тек сабырға, ақылға келіп, осы дерттің таралмауына бәріміз болып ат салысуымыз тиіс. Әсіресе, мамандардың кеңесін тыңдап, тәртіпке қатаң бойұсынған абзал. Құдай қаласа көп кешікпей бұл қиындықтан да өтерміз. Тыныш, бейбіт, алаңсыз өмірімізге оралармыз, ондай күндердің қадірін бұрынғыдан да артығырақ білерміз.

Сабыр еткен адамға бір қиындықтың соңында екі жақсылығы болады дегендей еліміз осы кезеңнен аман-есен, тез өтіп, береке мен бірлігі онан сайын беки түскен егей елге айналса екен деген арман, тілек бар.

Денсаулық күтумен, қараумен қуатты болады. Еліміздің әр азаматы салауатты өмір салтын ұстанып, әр дәйім спортпен айналысса, денсаулығын үнемі қадағалап жүрсе екен деймін.

Тұтас адамзатқа амандық тілеймін. Қазағымның қабағы ашық болса екен. Алла бәрімізге амандық бергей, - деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер