Басқа

Бұрынғы барлаушы: Франсиско Гарсияның ажалына лейкемия себеп болды

Бұрынғы барлаушы: Франсиско Гарсияның ажалына лейкемия себеп болды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік бұрынғы барлаушы, әрі математик Александр Евсин коронавирустың қаупінен гөрі, шуы басым деп санайды. Ол Өз сөзінде жақында көз жұман испаниялық бапкер туралы айта кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Франсиско Гарсияның өлімін мысалға келтірейін: испандық футбол жаттықтырушысы 21 жасында коронавирустен қайтыс болды. Мұндай тақырып бүкіл әлем газеттерінде пайда болды. Алайда көп ұзамай бұл жігіттің жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмония белгілерімен ауруханада жатқандығы, алайда өзі білмейтін лейкемиямен ауырғаны белгілі болды. Лейкемия кез-келген инфекцияға қозып кетеді. Бірақ оның өлімін коронавирус құрбандарының статистикасына қосты», дейді Евсин.

Еске сала кетелік, ДДСҰ коронавирус пандемиясы туралы 11 наурызда жариялаған. Аурудың алғашқы белгісіз түрі алғаш рет 2019 жылдың соңында Уханьда (Хубэй провинциясы, Қытай) тіркелді. Содан бері вирус 150-ден астам елге енген. Әлемде инфекцияның 460 мыңнан астам жағдайы тіркелсе, 21 мыңнан астам адам көз жұмған. Сонымен қатар, жұқтырғандардың 113 мыңнан астамы емделіп шықты, Испания инфекция жұқтырғандар саны бойынша әлемде төртінші орында (49 мыңнан астам).

Түпнұсқасы: https://www.mk.ru/ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер