Әлем футболы

Роналду «Ювентустан» кетуі мүмкін

Роналду «Ювентустан» кетуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» футбол клубының шабуылшы Криштиану Роналдуға екі қызықты ұсыныс түсті, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, «ПСЖ» мен «Манчестер Юнайтед» тәжірибелі форвардты қатарларына қосқысы келеді. Бірақ «Олд Траффордқа» барудың алғы шарты - Чемпиондар лигасы. Егер МЮ Чемпиондар лигасына жолдама ала алмаса Роналду Манчестерге келмейді.

Португалиялық футболшының «Ювентуспен» қазіргі келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін жарамды.

Айта кетейік, Роналду осы маусымда «Ювентус» сапында 32 матч өткізіп, 25 гол соқты және 4 нәтижелі пас шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер