Бокс

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы мансабын аяқтады

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Хуан Мануэль Лопес мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қолғабымды шештім. Денсаулығым туралы ойланатын, отбасыммен бірге уақыт өткізіп, балаларыма қамқорлық жасайтын уақыт келді деп есептеймін», - деді 36 жастағы Хуан.

Айта кетейік, Пуэрто-Рика өкілі кәсіпқой бокстағы мансабын 2005 жылдың қаңтарында бастаған. WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай жеңіл салмақта және жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер