Әлем футболы

Нидерланды біріншілігі мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

Нидерланды біріншілігі мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

De Telegraaf басылымының мәліметі бойынша Нидерланды футбол федерациясы ел біріншілігін мерзімінен бұрын аяқтауды қарастырып отыр.

Егер сондай шешім қабылданған жағдайда ешқандай команда жоғарғы лигада ұшпайды және біріншілік чемпионсыз аяқталады. Екінші лигадағы алғашқы орындағы екі команда Эредивизияға жолдама алады.

Бірақ мұндай қадамға федерация тек соңғы сәтте барады. Әзірге олардың жоспары бойынша ел біріншілігін 30 маусымға дейін аяқтау мақсаты тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер