Басқа

Томас Бах: Қандай жағдай болса да, біз берілмеуіміз керек

Томас Бах: Қандай жағдай болса да, біз берілмеуіміз керек
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Олимпиадашы-спортшыларға бағыттап мәлімдеме жасады.

Құрметті әріптес-спортшылар!

Адам өмірі әртүрлі Ойындардан жоғары. ХОК-тың басты ұстанымы – вирустың таралуына тосқауыл болып, Ойынға қатысты барлық азаматтарың денінің саулығына назар аудару. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында да осы ұстанымды ұстаймыз деп сіздерді сендіргім келеді.

Әлемнің 206 ҰОК үшін Токио жолы әртүрлі. Сіздердің басым көпшілігіңіз бұрынғыдай дайындалып, жаттығу жасай алмаймыздар. Тіпті, кейбіріңіздің елде COVID-19 вирусына қарсы күресте мүлдем жаттығу жасау мүмкіндігі жоқ. Олимпиадалық үміттеріңіздің ақтаулы үшін тынбай еңбектеніп, тер төгетін жаттығу кезеңін асыға күтіп жүргендеріңізге сенімім кәміл. Біразыңыз Олимпиада ойындарына қатысуға құқылы болсаңыздар, енді біріңіздің қолыңызда жолдама жоқ.

Алайда, біз бәріміз бр үлкен белгісіздікке тап болдық. Бұл белгісіздің біздің жүйкемізге кері әсерін тигізіп, болашағымызды бұлыңғырлауда. Бұл біздің үмітімізді сөндіреді. Әлемде болып жатқан жағдайға байланысты, тіпті, кейбірі ешқандай шешім шығара алмай жатыр. Бұл барлық спортшылар, БАҚ, саясат, ғылым және барлық қоғам үшін шындық. Сондықтан, ХОК. Өкінішке қарай, сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап бере алмайды. Сол себепті біз қазіргі таңда біріккен мақсатты топтың, атап айтқанда, халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) кеңесіне жүгінеміз. Спорты ретіне сіздер қандай жағдай болмасын, ешқашан берілмеу керегін білесіздер. Біздің Токио Олимпиадасын өткізу де осыан негізделген. Спортышлар кез келген жаңа жағдайға үйренуі керек. Сондықтан, дәл қазір біз бірнеше жоспар қарастырып, күн сайын жағдайды қадағалап отырмыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер