Бокс

Фроч: Головкинді қан-жоса етер едім

Фроч: Головкинді қан-жоса етер едім
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Карл Фроч өзінің кәсіби мансабында қазіргі орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Геннадий Головкинді сөзсіз жеңетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз жекпе-жек туралы келіссөз жүргізуге тырыстық. Бірақ менің рингке шықпағаныма бір жыл болды, оның командасы мені аралық салмақта кездесу өткізуге көндіруге тырысты. Екінші орта салмаққа қайта оралу маған қиынға соғады, сондықтан біз келіспедік.

Мен Головкинді жеңемін деп ойлаймын. Мен ірі денем оған қиындық тудырады. Бәлкім қателесермін, енді біз мұны ешқашан біле алмаймыз, бірақ мен жеңетін едім деп ойлаймын. Көпшілік менің қателесетінімді айтып, менің жеңілетінімді меңзеген. Бәзбіреулер ол мені жойқын соққысымен тоқтатар еді дейді. Бірақ мен ешқашан уақытынан бұрын жеңілген емеспін. Иә, екі рет нокдаун алдым, бірақ күшімді жинап, жеңіске жеттім. Меніңше, Головкин маған уақытынан бұрын ұтылар еді», - деп келтіреді BoxingScene британиялық боксшының сөзін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер