Әлем футболы

«Барселона» Гризманнды жазда трансферге қояды

«Барселона» Гризманнды жазда трансферге қояды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» басшылығы келесі маусымда команданың құрамын күшейтуді жоспарлайды, бірақ сонымен бірге қазіргі дағдарысқа байланысты мүмкіндігінше ақша үнемдейді. Бұл жағдайда Каталониялық клуб шабуылшы Антуан Гризманнмен қоштасуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz Sport.es сайтына сілтеме жасап.

Каталондықтар Антуан үшін кем дегенде 100 миллион еуро алғысы келеді. 29 жастағы французға «Манчестер Юнайтед», «Пари Сен-Жермен», «Челси» және Лондонның «Арсенал» клубтары қызығушылық танытуы мүмкін.

Гризманн Барселонаға 2019 жылдың жазында «Атлетико Мадридтен» 120 миллион еуроға ауысқан болатын. Осы маусымда шабуылшы 14 гол соқты.

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар «Барселонаға» командаға оралғысы келетіні туралы айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер