Басқа

Бразилия ҰОК Олимпиаданы кейінге қалдыруды ұсынды

Бразилия ҰОК Олимпиаданы кейінге қалдыруды ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Бразилия ҰОК басшысы Пауло Уандерли Халықаралық Олимпиада комитетін Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыруға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бұған дейін осындай проблемаларға тап болған, мысалы, 1916, 1940 және 1944 жылғы ойындар дүниежүзілік соғыстарға байланысты тоқтатылған. Ал 1980 және 1984 жылдары Мәскеуде және Лос-Анджелесте өткен ойындарға бойкот жарияланған.

Ұйым проблемаларды қалай шешуге болатынын біледі. Мен Томас Бах бізді осы қиын сәттен алып шығуға дайын екендігіне сенімдімін.

Әр спортшының арманы - Олимпиада ойындарына өзіңің спорттық бабында қатысу. Бірақ биылғы Олимпиадаға спортшылардың ең жақсы формада қатыса алмайтыны анық бола бастады», - деді Уандерли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер