Әлем футболы

Глеб: Роналду ұтылса ашуланады, ал Месси сабырлық сақтайды

Глеб: Роналду ұтылса ашуланады, ал Месси сабырлық сақтайды
news-banner7
mobile-news-top

Беларусьтің даңқты футболшысы, кезінде «Барселона» жейдесінде доп тепкен Александр Глеб әлемнің үздік футболшылары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың айырмашылығын айтты.

– Месси әлде Криштиану Роналду?

– Шеберлігі жағынан – Месси. Мақсатына жету жағынан – Роналду.

– Ал қорытындысында кім мықты?

– Білесіз бе, егер екеуін біріктірсе – әлемнің ең үздік футболшысы шығады. Дегенмен маған Мессидің ойыны көбірек ұнайды. Өйткені Мессиде Криштиануда бар нәрсе жоқ. Роналду қайда бармасын, команданың көшбасшысы болады. Ол жеңілуді жек көреді. Ұтылған кезде ашуланып, айқайға басады. Ал Месси – сабырлы, – деді Глеб.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер