Басқа

Халықаралық триатлон федерациясы ресми мәлімдеме жасады

Халықаралық триатлон федерациясы ресми мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты халықаралық триатлон федерациясының атқарушы кеңесі 30 сәуірге дейінгі барлық жарыстарды кейінге шегергенін хабарлады.

Аталған шешімге сәйкес күнтізбедегі триатлон жарыстарының барлығы, курстар мен легарьлер, жаттығу жиындары мен іріктеу турнирлері, олимпиадалық рейтинг, паратриатлон мен паралимпиада рейтингтері уақытша тоқтатылады.

«Мұндай шешімді қабылдау бізге оңайға соққан жоқ. Барлық спортшылардың қауіпсіздіктері мен денсаулықтары біз үшін аса маңызды. Біздің ұстаным - триалтон отбасының әрбір мүшесінің аман болуы. Әлем дабыл қаққан індеттің одан әрі таралуына жол бермей, оны тоқтату мақсатында осындай қорытынды жасауға тура келді. Бұл біздің қоғам алдындағы жауапкершілігімізді білдіреді. Спортшылар, жаттықтырушылар, ресми өкілдер мен әріптестеріміздің, шетелде жарыстан-жарысқа барып жүретін жандардың басын қатерге тігіп, тәуекелге бара алмаймыз», - дейді ITU басшысы Марисоль Касадо.
Ұйым 30 сәуірден кейін өтетін жарыстар кестесін жасап, әрі қарай олимпиадалық және паралимпиадалық рейтингке қатысты шешім шығару үшін қызығушы тараппен бірлесе жұмысын жалғастырады.


Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер