Қысқы

Чаңчуңде 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы құрметіне мұз саябағы ашылды (фото)

Чаңчуңде 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы құрметіне мұз саябағы ашылды (фото)
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Чанчунь қаласында 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олиипиада ойындарының құрметіне мұз саябағы ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

China Daily хабарлағандай, саябақ желтоқсан айында небәрі екі айда салынған. Мұнда биіктігі 21 метрді құрайтын олимпиада факелі бар ғимарат пен ұзындығв 420 метрден тұратын сырғанақ орналастырылған. Аталған саябақты Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік және ең ұзын сырғанақ ретінде енгізуді көздеп отыр.


Чанчунь Цзилинь провинциясының астанасы болып табылады. «2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының арқасында Цзилинь дамып, мұз бен қар қалашығы ретінде туристер орталығына айналады деп ойлаймыз», дейді провинция хатшысы Байин Чаолу.

Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындары барысында Цзилиньде ешқандай жарыс өтпейді. Алайда, компания ойын кезінде 300 млн адамды қысқы спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер