«Қайрат» ойыншылары әлемдік «Үйде отыр» (StayHome) челленджіне жаппай қатысып жатыр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАлматылық «Қайрат» ойыншылары әлемдік «Үйде отыр» (StayHome) челленджіне жаппай қатысып жатыр. Мақсат - COVID-19 коронавирус пандемиясымен күрестің маңыздылығын көрсету, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың Инстаграмдағы парақшасында Адеринсола Эсеола, Яцек Горальский, Раде Дугалич, Небойша Косович, Данил Устименко және Гүлжігіт Алықұлов сынды ойыншылардың дәретхана қағазын аяқтарымен қақпақылдап тепкен сәттері жарияланса, «Қайраттың» экс-ойыншысы Жарко Маркович кішкентай ұлының алматылық команда жейдесін киіп, доп тепкен сәтін жіберген.