Зайнутдиновтің командасы жаттығуды тоқтатпайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Ростов» футбол клубы Ресей Премьер-лигасының тоқтатылғанына қарамастан, әдеттегідей жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
- Біз жаттығуды жалғастырамыз. Команда әдеттегідей жұмыс істейді, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Көптеген командалар коронавирус індетіне байланысты жаттығуларды тоқтатқан болатын.
Еске сала кетейік, клубта қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.