«Шахтер» футбол клубы жаттығуды тоқтатты

«Шахтер» футбол клубы жаттығуды тоқтатты
news-banner7
mobile-news-top

«Шахтер» футбол клубы коронавирустық індетке байланысты жаттығудың уақытша тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстан Чемпионатындағы кідіріске байланысты және ҚФФ ұсынымдарына сәйкес «Шахтер» футбол клубы жаттығуды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Команда ойыншылары толыққанды жаттығу процесін бастағанға дейін үйде жеке жаттығу режиміне ауысады», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 16 наурыздан 15 сәуірге дейін Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезінде ел чемпионаты мен Қазақстан кубогы матчтарын өткізу тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер