Live
Спорттағы коронавирус
Бокс

Хирн Головкин – «Канело» трилогиясының кейінге қалуы мүмкін екенін айтты

Хирн Головкин – «Канело» трилогиясының кейінге қалуы мүмкін екенін айтты

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн өз клиентінің мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін үстіміздегі жылдың қыркүйегінде өте қоймайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Канелоның» Билли Джо Сондерспен келісімі бар, сондықтан енді жекпе-жектердің мерзімі ірі спорттық жарыстарды қашан өткізуді бастайтынына байланысты. «Канело» - Сондерс жекпе-жегі 2 мамырда Синко-де-Майода өтуі керек еді, бірақ қазір біз мұның кейінге қалдырылғанын естіп отырмыз. Бокс кештері маусым-шілде айларында қайта бастала ма? Осы кезеңде Сондерс пен Альварестің жұдырықтасуы үшін барлық мүмкіндік бар, содан кейін Канело Головкинмен жекпе-жек өтетін күн кейінге шегеріледі. Қазіргі үзілістерге қарап отырсақ, жекпе-жекті 12 қыркүйектен кейінге шегеру керек», - деді Хирн Sky Sports Boxing порталына.

Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектің қаржылық шарттары туралы ауызша келісімге келгені туралы хабарланған еді. Матчтың өтетін уақыты 12 қыркүйекке белгіленді, ал өтетін орны ретінде Арлингтондағы AT&T стадионы (Техас, АҚШ) таңдалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0