Командалық

ҚДФ әйелдер арасындағы Ұлттық лига жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын жария етті

ҚДФ әйелдер арасындағы Ұлттық лига жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын жария етті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан волейбол федерациясы Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚВФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында волейболдан Қазақстан чемпионатының барлық лигалары мерзімінен бұрын аяқталды.

2019/2020 маусымының әйелдер ұлттық лигасындағы нәтижелері:

1. «Жетісу» (Алматы облысы) - 68 ұпай;

2. «Алтай» (Өскемен) - 62;

3. «Ертіс Казхром» (Павлодар) - 50;

4. «Қуаныш» (ОҚО) - 40;

5. «Алматы» - 38;

6 «Астана» (Нұр-Сұлтан) - 16;

7. «Алтай-2» (Өскемен) - 10;

8. «Қарағанды» - 4.

Номинациялар бойынша ең жақсы ойыншылар

Үздік тосқауылдаушылар - А. Сафронова, К. Аниконова;

Үздік шабуылшылар: С. Анаркулова, Т. Серік;

Ең үздік диагональ - К. Белова;

Үздік либеро - Т. Фендрикова;

Ең үздік байланыстырушы - Н. Акилова.

Ең пайдалы ойыншы - Йоана Паласио Мендоса.

Фото volley.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер