Әлем футболы

«Сампдория» ойыншысы: Клубта 15 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

«Сампдория» ойыншысы: Клубта 15 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
news-banner7
mobile-news-top

Италиялық «Сампдория» футбол клубының жартылай қорғаушысы Якуб Янкто клубта 15 адам коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз міне,пәтерімізде бір аптаға жуық қамалып отырмыз. Ешқайда бара алмайтынымыз бізді ашуға булықтырып тұр, біз әрқашан шектеулі кеңістіктеміз. Біз ештеңе істей де алмаймыз, сондықтан қандай жағдайға да төзуіміз керек. Италияда жағдай өте нашар. Мен тіпті қорқынышты деп айтар едім. Күн сайын дерлік мыңдаған адам инфекция жұқтырып, жүздеген адам қайтыс болады. Бәрінен жаманы, жағдай нашарлай түсті, сондықтан оның қашан аяқталатынын болжау мүмкін емес.

Мен командаластармен тікелей байланыста болдым. Клубта 15 адам коронавирус жұқтырған, бірақ ол одан да көп болуы мүмкін.

Мен өзімді жақсы сезінемін және жұқтырған жоқпын деп үміттенемін. Бойымда вирус болуы мүмкін, бірақ мен оны білмеймін. Бұл туралы ойламауға тырысамын. Тек гигиена ережелерін сақтауым керек», - деп жазды Янкто Sport.cz.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер