Шетелде доп тепкен қақпашы «Қыранға» ауысты

Шетелде доп тепкен қақпашы «Қыранға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық қақпашы Абылайхан Дүйсен Бірінші лигада бақ сынайтын «Қыран» командасына ауысты.

25 жастағы ойыншы мансабын 2012 жылы елордалық «Бәйтерек» сапында бастаған. Кейін «Ордабасы» мен «Астананың» жастар командаларында доп тепті. Ал 2018 жылы «Шахтер» сапында премьер-лигадағы алғашқы ойынын өткізді.

Бұдан бөлек қақпашы «Спартак» (Латвия, Юрмала), теміртаулық «Шахтёр-Болат» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер