Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев: Өмірдегі ең басты мақсатым - Олипиадаға бару

Қамшыбек Қоңқабаев: Өмірдегі ең басты мақсатым - Олипиадаға бару
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшылар өздеріне тиеcілі жолдамаға толығымен иелік етуде. Бокстан Қазақстан ерлер командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев енді Олимпиада ойындарында 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасады. Амманда өткен іріктеу турнирінде жолдамаға ие болған ол алдағы жоспарымен бөлісті.

– Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алғаныма өте қуаныштымын. Спорттағы басты мақсатым - төртжылдықтың басты додасы Олиипиада шыңын бағындыру. Жолдамаға иелік етіп, арманымды орындауға бір қадам жақындадым деп ойлаймын. Енді ел намысын абыроймен қорғап, Қазақ елін Токио төрінде қуанту басты мақсатым болмақ. Мақсатыма қол жеткізу үшін қолsмнан келгеннің бәрін жасап, аянып қалмаймын.

Иорданиядағы Амман шаршы алаңына кіл мықтылар жиналды. Қарсыластарымның бәрі өз елінің үздіктері. Маңызды жолдаманы сарапқа саларда ешқайссы осалдық танытпады. Осындай мықты қарсыластарым мені шыңдай түседі.

Жетістікке жетелейтін тағы бір күш бар. Ол менің отбасымнан бастап, достарым және де мен үшін жанын шүберекке түйіп отыратын жақындарымның сенімі. Әр жеңістің артында бапкерлердің маңдай тері мен топтағы бірнеше маманның еңбегі жатыр. Олимпиада жолдамасы бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі деп білемін. Маған қолдау көрсетіп, сенім артқан баршаға алғыс айтқым келеді, - дейді команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер