Бокс

Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді

Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық спортшы Сауль Альварес (53-2-1, 36 КО) үшінші жекпе-жектің қаржылық шарттары туралы ауызша келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz Bleacher Report порталына сілтеме жасап.

Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек 12 қыркүйекте Арлингтондағы (Техас, АҚШ) AT&T стадионында өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Альварес маусым айында WBO орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтасуды қалайды. Егер бұл жекпе-жек коронавирустық пандемияға байланысты бұзылса, мексикалық күзде Головкинмен кездесуге дайын.

Головкин мен Альварес арасындағы екі жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен еді. 2017 жылдың қыркүйегінде дау-дамайға толы тең есеп тіркелсе, ал 12 айдан кейін мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер