Үстел теннисі ITTF құрлықтық іріктеу турнирінің мүмкіндігін қарастырады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХалықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) атқарушы комитеті шұғыл жиналыс өткізіп, COVID-19 вирусының халықаралық жарыстар күнтізбесіне тигізетін әсері туралы талқылады.
Шұғыл отырыс нәтижесінде, ITTF атқарушы комитеті 2020 жылдың сәуір айының соңына дейінгі барлық жарыстардың тоқтатылғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, 29 наурыз күні әлемде болып жатқан жағдайды саралап, ITTF жарыстарының уақытын ұзарту туралы талқылайтын болады.
21-28 маусым күндері Пусанда жоспарланған 2020 жылғы командалық әлем чемпионатының өту уақыты талқыға түседі.
Айта кетерлігі, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына құрлықтық іріктеу турнирінің уақыты да айтылатын болады.