Қысқы

Биатлоннан биылғы маусым мерзімінен бұрын тоқтатылды

Биатлоннан биылғы маусым мерзімінен бұрын тоқтатылды
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясына байланысты биатлоннан барлық турнир тоқтатылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше жағдай аясында Қазақстан Республикасы аумағында өтетін жоспарланған барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан биатлон одағы ресми сайтында хабарлады.

Бұған дейін Халықаралық биатлон одағы (IBU) Контиолахтиде (Финляндия) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің сегізінші кезеңі мен Норвегияда жоспарланған әлем кубогінің соңғы қорытынды кезеңінің өтпейтіні туралы хабарлаған болатын.

Осыған орай, биатлоншылардың 2019/2020 спорт маусымы аяқталды деп есептелінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер