Бокс

Бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі тоқтатылады

Бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі тоқтатылады
news-banner7
mobile-news-top

Әлемдегі коронавирус қаупіне байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан Лондонда өтетін еуропалық іріктеу турнирін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ, Америкадағы іріктеу бәсекесі мен мамыр айында өтуі тиіс әлемдік кезең де үзіліс алады.

14 наурыз күні бастау алған Еуропа аймақтық іріктеу турнирі бүгін кешкі сессия кездесулерінен соң тоқтатылады. Турнир 24 наурызда аяқталуы тиіс еді.

Ұйым мұндай қадамға спортшылар мен ресми тұлғалардың және турнирді ұйымдастыруға жауапты барлық қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында барған.

Десе де, Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада ойындарының дәл уақытында басталатынына сенімді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер