Хоккей

«Барыстың» шабуылшысы Гагарин кубогынан бас тарту шешіміне пікір білдірді

«Барыстың» шабуылшысы Гагарин кубогынан бас тарту шешіміне пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус індетінің өршуіне байланысты «Барыс» КХЛ-дің осы маусымын мәжбүрлі түрде ерте аяқтауға мәжбүр болды, деп жазады Prosports.kz.

Осы шешімге байланысты команданың шабуылшысы Джесси Блэйкер өз пікірін білдірді.

- Бұл маусымда барынша қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Маусым өте сәтсіз қорытындыланды. Бірақ ең маңыздысы - денсаулық пен қауіпсіздік. «Барыс» хоккей клубының бүкіл ұжымына рақмет», - деп жазды хоккейші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, «Барыс» коронавирустық пандемияға және елде төтенше жағдай жарияланып, спорттық іс-шараларға тыйым салынуына байланысты Гагарин кубогына қатысудан бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер