Хоккей

ҚХЛ плей-офф кезеңін тоқтатуы мүмкін

ҚХЛ плей-офф кезеңін тоқтатуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы «Барыс» пен «Йокерит» жарысты жалғастырудан бас тартқан соң плей-офф кезеңін тоқтатуды қарастырып отыр.
«Барыс» 16 наурызда ресми плей-оффты жалғастырудан бас тартты. Оған дейін финляндиялық «Йокерит» бас тартқан болатын.
Ендігі кезекте ҚХЛ басшылығы маусымды тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыруда. «Сібір» қазақстандық команда жарыстан бас тартқан соң конференцияның финалына жолдама алды. Соңғы 3 күнде ҚХЛ екі қатысушысын жоғалтты.
Әзірге ешқандай шешім қабылданбады. Бірақ плей-офф кезеңі тоқтауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер