Әлем футболы

Италия УЕФА-дан Еуро-2020 турнирін жазда өткізбеуді сұрап отыр

Италия УЕФА-дан Еуро-2020 турнирін жазда өткізбеуді сұрап отыр
news-banner7
mobile-news-top

Апеннин түбегінде ұлттық чемпионатты толықтай аяқтауға ниетті.

Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравинаның айтуынша, ұйым УЕФА-ға еуропалық футбол форумын кейінге қалдыруды ұсынған.

«Біз ішкі чемпионатты аяқтауға тырысамыз. Бұл біздің клубтарымыздың шығындары мен зардап шеккендерінен кейін әділ және дұрыс болады», - деп келтірді Гравинаның сөзін Sky Sports.

Еске салайық, Италия чемпионаты 9 сәуірге дейін тоқтатылды. УЕФА Еуро-2020 тағдырын 17 наурыз, сейсенбіде болатын арнайы отырыста шешеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер