русский язык

ҚПЛ. «Қайрат» Тұрысбектен тағы «таяқ жеді»

ҚПЛ. «Қайрат» Тұрысбектен тағы «таяқ жеді»
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары аяқталды. Әлемді дірілдетіп отырған аты шулы індеттің таралу қаупінен сақтану үшін біріншіліктегі барлық матчтар көрерменсіз өтті. Қазақ футболы мен лық толы стадион - үйлеспейтін ұғым белгілі, бірақ. Футболды жарытып-жарытпауы көрерменнің қолдауына байланысты емес бізде. Сондықтан, екінші тур да әдеттегі тур секілді өтті. Бірді-екілі тартысты матч өтті демесеңіз.

Соқыр жеребенің құдіретімен алғашқы екі турда ел чемпионы «Астана» өткен маусым қорытындысы бойынша Бірінші лигадан Премьер-лигаға ауысқан командалармен кездесті. Апта бұрын Алматыда «Қызылжарды» ойсырата ұтты. Кеше ақтаулық «Каспийге» қонаққа барды. Матчты көрмей, қорытынды есепке (2:3) ғана назар салған көрермен «Жас Қанат» стадионында тартысты ойын өтіпті деген ойға қалуы мүмкін. Алайда, ойын тағдырын Михал Билек командасы бірінші таймда шешіп қойған еді. Серб Марко Милошевич 25 минут ішінде өз қақпасынан үш доп алып шықты. Екінші таймда алаң қожайындары екі доп соқты. Бірақ, матч аяқталуына санаулы секундттар қалған кезде ғана ақтаулықтар есеп қысқарта алды.

«Астана» жеті ұпаймен көш басына шықты. Апта ортасында елордалықтар «Ордабасымен» 18-турда өтуі тиіс ойынды өткізіп, бір ұпай олжалағанын ескерек кеткен жөн. «Каспий» алғашқы екі турды өз алаңында өткізіп, екеуінде де жеңіліс құшты.

Турнирдің тағы бір жаңа қатысушысы «Қызылжар» маусымдағы бірінші ұпайын еншіледі. «Ертіс» өз алаңында қонақтарды қанша тықсырып бақса да, айла асыра алмады. Әйткенмен, павлодарлық клубта прогресс бар. Алаңдағы ойын мәнері немесе бапкер тактикасы емес тұрғысынан емес. Алғашқы турда алғашқы минуттардан алаңнан бір қазақстандық футболшыны шығарған Милан Миланович екінші турда олардың саны екі ойыншыға көбейтті. Легионерлер мен ЕЭАО қатарына кіретін елдер үшін өте ыңғайлы заң қазақ футболының аяғынан тартпаса игі.

Маусымды жеңіспен бастаған «Жетісу» мен «Тобыл» Алматыда кездесті. Командалар гол соқпай, тең тарқасты. Бірінші таймда талдықорғандықтар гол соғуға жақын болса, ойынның екінші бөлігінде қостанайлықтарда есепте ашатын бірнеше мүмкіндік болды. Григорий Бабаян командасының шабуылының өтімділігі тікелей Азат Нұрғалиевке байланысты екен. 33 жастағы футболшының алаңға шығуымен ғана «Тобылдың» шабуылына қан жүгірді.

Андрей Карповичтің «Оқжетпесі» көш түзей алар емес. Сегіз күн ішінде үш оңтүстіктің командасымен кездескен көкшеліктер ұпай еншілемек былай тұрсын, бір гол да соға алмады. Шымкентте «Ордабасыдан» (0:1), Алматыда «Қайраттан» (0:5) ұтылып келген Карпович командасы кеше өз алаңында «Қайсарға» есе жіберді. Милан Стоянович, Жасұлан Молдқараев секілді көшбасшы футболшылар баптарын таба алмай жүр. «Қайсар» керемет ойын көрсетпесе де, грузин шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе соққан голдың арқасында Қызылордаға олжалы оралды. Маусым басындағы екі жеңістің арқасында «Қайсар» үшінші орынға жайғасты. «Қасқырлар» әзірге ұпайы түгел кестедегі жалғыз команда. Қазақстан кубоыгың иегері Тигран Барсегянның кеткенін елемеген де секілді.

«Оқжетпестің» хәлі мүшкіл. Турнир кестесінің соңғы орынында. Ұпай жоқ, гол жоқ. Басшылық футболшылар алдындағы қарызынан құтылғанын әлі растаған да жоқ.

«Оқжетпес» ойыншылар алдында қарызға белшесінен батты

Әлемнің түкпір-түкпірінде доп тепкен Гвинея-Бисау елінің азаматы Тони Сильва «Таразды» Оңтүстік дербиінде өрге сүйреді. «Ордабасы» қорғаушылары 26 жастағы футболшыны тоқтатын амал таба алмады. Жамбылдықтардың үш голы да Сильваның қатысуымен соғылды. Әуелі «Ордабасының» оң қапталында екі қорғаушыны алдап өтті, кейін нәтижелі бұрыштама орындады, екінші тайм басында алыстан қақпаға жойқын соққы бағыттады. Қақпаның маңдайшысына тиіп, кейін серпілген допты Абзал Таубай қақпаға дарытты. Абзалдың голынан кейін «Тараз» 3:0 есебімен жеңіп тұрған. Әйткенмен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері «Ордабасы» 11 минутта екі 11 метрліктен гол соғып, алаң қожайындарын састырды. Оның үстіне, «Тараз» сапынан 69-минутта Михаил Мищенко алаңнан қуылды. Әйткенмен, «Тараз» 3:2 есебімен жата-жастана сақтап қалды. Бес гол, қызыл қағаз, тартысты матч. Таразда дербидің стастусына лайықты ойын өтті.

«Қайрат» екінші турда сүрінді. Екі маусым бұрын Бауыржан Тұрысбек алматылықтар сапында доп тепкен еді. Өткен жылы «Тобыл» қатарында «Қайраттың» алаңында жалғыз голды соғып, алаң қожайындарын тізе бүктірді. Биыл «Шахтер» сапында «Қайратты» тағы да сан соқтырып отыр. «Қайратта» Бауыржан Исламханның орыны ойсырап тұр. Қарсыластың қорғанысын оқылмайтын пасымен қиып түсіретін Бауыржан секілді футболшы алматылық клуб сапында жоқ. Қырғыз жұлдызы Гулжигит Алыкулов дриблингке шебер екен. Бірақ командада түсіністік болмаған соң, оның бұл өнері нәтиже бермей жүр. Қарағандылықтар болса, маусымда бірінші үш ұпайына қол жеткізді.

ҚПЛ. 2-турдың жексенбідегі ойындарына бейнешолу

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;