«Ордабасы» футболшысы: «Тараз» футболшылары уақыт созумен болды

«Ордабасы» футболшысы: «Тараз» футболшылары уақыт созумен болды
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Рубен Бриджидо клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Премьер-лиганың екінші турының «Таразға» қарсы ойынын (2:3) түсіндірді.

- Мен бұл нәтижеге көңілім толмады, қауіпті сәттер жасауға тырыстық, бірақ сәтсіздікке ұшырадық. Әрине, бұл біз қол жеткізгіміз келген нәтиже емес. Матчтың соңында біз қарқынды арттырдық және жиі шабуыл жасадық, бірақ қарсылас қорғаныста соңына дейін ойнады. Тараздықтар ойында көптеген кідірістер жасады, бұл, әрине, ойын ырғағына әсер етті, матч соңында олар өздеріне жеңіс есебін сақтау үшін уақытты созды. Біз бәрін талдап, әрі қарай жүруіміз керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер