Бокс

Эдди Хирн Канело – Сондерс жекпе-жегі жайлы: Билік бәрін шешеді

Эдди Хирн Канело – Сондерс жекпе-жегі жайлы: Билік бәрін шешеді
news-banner7
mobile-news-top

Британдық промоутер Эдди Хирн суперорта салмақтағы мексикалық Сауль Альварес пен британдық Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек 2 мамырға жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шарттар келісілген. Бұл туралы бүгін жариялануы керек еді, бірақ Америкада болып жатқан оқиғаларға (коронавирус инфекциясына байланысты шоуды болдырмады - ред.) байланысты бір апта күте тұруды шештік. Менің ойымша, 2 мамыр әлі де өз күшінде. Бірақ, Golden Boy Promotions немесе Matchroom Boxing шешпейді. Билік кез келген шоуға тыйым саламыз десе, біздің көнбеске амалымыз жоқ, - деді Хирн.

Еске салайық, Канело-Сондерс жекпе-жегі 2 мамырда Лас-Вегаста супер орта салмақ дәрежесінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер