Қазақстан құрамасының алдағы жолдастық кездесулері өтпеуі мүмкін

Қазақстан құрамасының алдағы жолдастық кездесулері өтпеуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Наурыз айында Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу өткізуі керек - Литва (27 наурыз) және Армения (30 наурыз) командаларына қарсы, бірақ олар коронавирус қауіпіне байланысты өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында клубтар наурыз-сәуір айларында өз ойыншыларын ұлттық құрамаларға жібермеуі мүмкін екендігі туралы мәлімдеме жариялады. Федерация сонымен бірге осы кезеңдегі матчтарды өткізу футболшылардың да, жанкүйерлердің де денсаулығына қауіп төндіреді, сонымен бірге «әділ ойын» қағидатын бұзуы мүмкін.

Осылайша, Қазақстан құрамасы мен Литва мен Армения арасындағы жолдастық матчтар болмауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер