Хоккей

«Олар бізге ештеңе айтпады». «Барыс» қорғаушысы плей-офф жайлы

«Олар бізге ештеңе айтпады». «Барыс» қорғаушысы плей-офф жайлы
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» қорғаушысы Виктор Сведберг Қазақстанда барлық спорттық іс-шараларға тыйым салынуына байланысты КХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі қазақстандық команда қатысатын матчтар өткізілмеуі мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сізді қызықтыратын мәселе туралы менде ақпарат жоқ. Олар бізге ештеңе айтқан жоқ, ойнаймыз ба, жоқ па білмеймін. Сейсенбі күні кесте - «Сибирьмен» матч. Біз қазір Нұр-Сұлтандамыз, осыны ғана айта аламын», - деді Сведберг Чемпионат порталының тілшісіне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай 2020 жылдың 16 наурызында таңертеңгі сағат 8.00-ден бастап 2020 жылғы 15 сәуірде таңғы сағат 07.00-ге дейін енгізілді. Осы кезеңдегі барлық спорттық және басқа қоғамдық шараларға ресми түрде тыйым салынады.

«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңімен мәжбүрлі түрде қош айтыса ма?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер