Әлем футболы

«Ювентус» Роналдуға жаңа келісімшарт ұсынады

«Ювентус» Роналдуға жаңа келісімшарт ұсынады
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» футбол клубы шабуылшы Криштиану Роналдумен жаңа келісімшарт жайлы келіссөз жүргізбекші, деп жазады Prosports.kz.

AS басылымының хабарлауынша, туриндік клубтың басшылары тәжірибелі форвардқа екі жылдық келісімшарт ұсынуға дайын.

Португалиялық футболшының «Ювентуспен» қазіргі келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін жарамды. Клуб басшылары шабуылшыны 2024 жылға дейін командада алып қалмақшы. Ол кезде Роналду 39 жасқа толады.

Айта кетейік, Роналду осы маусымда «Ювентус» сапында 32 матч өткізіп, 25 гол соқты және 4 нәтижелі пас шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер