«Тараз» тартысты ойында «Ордабасыны» жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының 2-туры аясында «Тараз» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч күтпеген нәтижемен аяқталды. Алғашқыда алаң иелері жауапсыз үш гол соғып, ойын тағдыры шешілгендей болған. Бірақ қонақтар есеп айырмасын бір барынша қысқарта білді. Қорытынды есеп 3:2 болды.

Айта кетерлігі, бұл кездесуде екі автогол, екі пенальти орын алды. Сондай-ақ, бір ойыншы алаңнан қуылды.

«Тараз» - «Ордабасы» - 3:2 (2:0)

Гол соққандар: 4’ Симчевич (өқ), 33' Клещенко (өқ), 48' Таубай - 58' Диакате (пен), 69' Диакате (пен)

Алаңнан қуылды: 68' Мищенко (Тараз)

«Тараз»: Джурахон Бабаханов (Қ) - Бекзат Шадманов, Валерий Каршакевич, Михаил Мищенко, ​Мақсат Әмірханов (К) - Йован Чадженович, Абзал Таубай, Овидиюс Вербицкас, Тони Сильва, Әлішер Сүлей - Нилс Цатл;

«Ордабасы»: Владимир Плотников (Қ) - Тимур Досмағамбетов, Александр Симчевич, Пабло Фонтанелло (К), Александр Клещенко, Марат Быстров - Абдуллай Диакате, Май Махлангу, Зиги Бадибанга, Жоао Пауло - Сергей Хижниченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер