Грек-рим күресі

Кебіспаев: Әрбір адам жеке жауапкершілікті сезінсе екен

Кебіспаев: Әрбір адам жеке жауапкершілікті сезінсе екен
news-banner7
mobile-news-top

Әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты қазақстандық спортшылар шетелдерде өтетін жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан қайта оралды. Бүгінде ел аумағында ірі спорттық жарыстар мен іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Бүгіннен бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстанда Төтенше жағдай режимі жарияланды.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының көшбасшысы Алмат Кебіспаев коронавирустың қарқын алуына қатысты пікір білдіріп, барша халықты сақ болуға шақырды.

"Қазір коронавирус індеті дүниежүзін теңселтіп тұр. Талай сындарлы сәттен, қиналған шақтан елдегі ауызбіршілік пен татулықтың арқасында аман шықтық. Бұл сынақтан да мұқалмай, шыңдалып шығармыз! Ең бастысы - әрқайсысымыз жеке жауапкершілікті сезінсейікші. Билік басындағылар қолға алып жатқан сақтық, алдын алу шараларына түсіністікпен қарап, барынша қолдау танытайық. "Сақтансаң ғана сақтаймын" деген тәмсілді естен шығармайықшы. Жауапкершілік - қауіпсіздік кепілі", - деп жазды Алмат желідегі парақшасында.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер