Командалық

Халықаралық гандбол федерациясы Олимпиадаға іріктеу турнирлерін кейінге шегерді

Халықаралық гандбол федерациясы Олимпиадаға іріктеу турнирлерін кейінге шегерді
news-banner7
mobile-news-top

Гандболдан халықаралық турнирлер кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы халықаралық гандбол федерациясы мәлімдеді.

"2020 жылдың 11 наурыз күні Халықаралық гандбол федерациясы мен Олимпиадалық іріктеу кезеңін қабылдайтын федерациялар әлемдегі жағдайды ескере отырып, өзгерістерді енгізді.

Көптеген елдерде халықаралық додаларды өткізуге тыйым салынды. Біз үшін де спортшылардың амандығы бірінші орында.

Сондықтан, IHF 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирлерін биылдың маусым айына дейін ұзартқанды жөн санады. Жарыстың нақты өтетін уақыты COVID-19 вирусының әлемдегі жағдайына қатысты хабарланады", - делінген ресми хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер