Қысқы

Биатлоннан әлем кубогы кезеңінің спринттік жарыстары аяқталды

Биатлоннан әлем кубогы кезеңінің спринттік жарыстары аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Контиолахтиде ( Финляндия) биатлоннан әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем кубогінің қорытынды кезеңінде әйелдер арасында спринт бойынша 7,5 км қашықтықты бағындыру бәсекесі өтті. Қазақстандық спортшылар ішінде Галина Вишневская 48-ші орыннан көрініп, командаластарының алды болды. Елизавета Бельченко мәреге 68-ші, Анастасия Кондратьева 73-ші болып жетті. Аталған жарысқа барлығы 95 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Денизе Херрман (Германия) жеңімпаз атанды. Оның отандасы Франциска Пройс күміске ие болса, Тириль Экхофф ( Нидерланд) қоланы қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер