Хоккей

Хоккейден Словакиядағы әлем чемпионаты өткізілмейді

Хоккейден Словакиядағы әлем чемпионаты өткізілмейді
news-banner7
mobile-news-top

IIHF кеңесі Словакияның Списка Нова Весе қаласында 18 жасқа дейінгі хоккейден әлем чемпионаты 1-дивизионының А тобындағы ойындарды өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚХФ-ға сілтеме жасап.

«Әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты ойыншылардың, жаттықтырушылардың, шенеуніктердің, БАҚ пен жанкүйерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін ескере отырып, IIHF Кеңесі хоккейден әлем чемпионатынан бас тартудан басқа амалы қалмады», - деді Рене Фасель.

17 наурызда Кеңес сәуір және мамыр айларына жоспарланған ерлер арасындағы Әлем чемпионатын өткізбеуге арналған конференция өткізеді.

Еске сала кетейік, Словакиядағы Әлем кубогы 12-18 сәуір аралығында өткізілуі керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер