Франция чемпионатында ойнайтын футболшы коронавирус инфекциясын жұқтырды
![Франция чемпионатында ойнайтын футболшы коронавирус инфекциясын жұқтырды](https://prosports.kz/upload/news/content/204253_8cf5c694cf47a5d89821816a06d31dd0.jpg?v=28656782)
Франция чемпионатындағы «Труа» клубы футболшыларының бірі коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы клуб өзінің ресми парақшасында жазды, бірақ ойыншының аты-жөні құпия күйінде қалды. Ал L'Équipe басылымы қауіпті вирусты жұқтырған оңтүстік кореялық Хюн Джун Сук екенін айтып отыр.
Айта кетелік, бұл Франция лигасындағы алғашқы оқиға. Бұған дейін Лига-1 мен Лига-2 турнирлері қауіпсіздікке байланысты тоқтатылған болатын.