Бокс

Жәнібек Әлімханұлы мен Айдос Ербосынұлы қатысатын бокс кешінің өту-өтпеуі белгісіз

Жәнібек Әлімханұлы мен Айдос Ербосынұлы қатысатын бокс кешінің өту-өтпеуі белгісіз
news-banner7
mobile-news-top

Канаданың Квебек қаласында 28 наурызға белгіленген бокс кешінің өткізуден SARS-CoV-2 коронавирусының пандемиясына байланысты бас тарту жағы әлі де белгісіз, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.

Ивон Мишель мен Боб Арум сынды промоутерлер ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, өйткені Канадада 250-ден астам адамға арналған іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Бірақ, егер матч шартты АҚШ-та өтсе де, көрерменсіз өтеді, ал тікелей эфир ESPN арнасында өтеді.

Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы WBC Continental America және WBO Global белбеулерін ганалық Исса Самирге, Айдос Ербосынұлы - екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеуін канадалық Тим Кронинге қарсы қорғауы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер