Әлем футболы

КОНКАКАФ барлық турнирлерін кейінге шегерді

КОНКАКАФ барлық турнирлерін кейінге шегерді
news-banner7
mobile-news-top

Солтүстік және Орталық Америка, сондай-ақ Кариб бассейні (CONCACAF) футбол конфедерациясы өзінің аясындағы барлық турнирлердің тоқтатылатыны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Мұндай шаралар бүкіл әлемде коронавирус індетіне байланысты жасалып отыр. Ауру 5 мыңға жуық адамның өмірін жалмады.

КОНКАКАФ төрт жарыстың - жергілікті Чемпиондар лигасының, Олимпиадалық іріктеу турнирінің, Алтын кубоктың бірінші іріктеу кезеңінің және Caribbean Club Shield матчтарын кем дегенде бір айға кейінге қалдырды.

Еуропа мен Оңтүстік Америкадағы футбол турнирлері бұған дейін тоқтатылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер