Командалық

ВТБ Бірыңғай лигасы маусымы тоқтады

ВТБ Бірыңғай лигасы маусымы тоқтады
news-banner7
mobile-news-top

ВТБ Біріккен Лигасы 2019/20 маусымын коронавирустың таралу қаупіне байланысты тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетсек, «Астана» клубы турнирде өз алаңындағы ойындарын көрерменсіз өткізуді жоспарлаған болатын.

«Лигада ресми құжаттар болмағанына қарамастан, клубтармен талқылаудан кейін, сонымен қатар еуропалық және әлемдік спорттағы, әсіресе баскетболдағы жағдайды ескере отырып, басшылық 2019/20 маусымын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, чемпионатқа қатысушылардың денсаулығына алаңдаған ойыншылар Лигамен ашық түрде байланыс орнатып хат жазды.

ВТБ Лигасы үшін ойыншылардың, жанкүйерлердің және чемпионаттың барлық қатысушыларының денсаулығы бірінші орында. Сонымен қатар, барлық адамдар үшін қауіпсіз жағдай қалыптасқан кезде, Лига чемпионатты қайта бастайды», - деп хабарлайды ВТБ Біріккен Лигасының ресми сайты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер