Әлем футболы

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчтар кейінге қалдырылды

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчтар кейінге қалдырылды
news-banner7
mobile-news-top

Келесі аптаға жоспарланған УЕФА турнирлерінің барлық матчтары коронавирустың таралу қаупіне байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұлардың қатарына 17 және 18 наурызға белгіленген УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қалған қарымта матчтары, УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалындағы барлық қарымта матчтары (19 наурыз), сонымен қатар УЕФА жастар лигасының 1/4 финалындағы матчтар кіреді.

Бұл матчтардың қашан болатындығы туралы шешім кейінірек қабылданады.

Матчтардың кейінге шегерілуіне байланысты УЕФА Чемпиондар лигасы мен 20 наурызда өтетін УЕФА Еуропа 1/4 финалының жеребесі де кейінге қалдырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер