Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчтар кейінге қалдырылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКелесі аптаға жоспарланған УЕФА турнирлерінің барлық матчтары коронавирустың таралу қаупіне байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұлардың қатарына 17 және 18 наурызға белгіленген УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қалған қарымта матчтары, УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалындағы барлық қарымта матчтары (19 наурыз), сонымен қатар УЕФА жастар лигасының 1/4 финалындағы матчтар кіреді.
Бұл матчтардың қашан болатындығы туралы шешім кейінірек қабылданады.
Матчтардың кейінге шегерілуіне байланысты УЕФА Чемпиондар лигасы мен 20 наурызда өтетін УЕФА Еуропа 1/4 финалының жеребесі де кейінге қалдырылды.