Командалық

Волейболдан Қазақстан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

Волейболдан Қазақстан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан волейбол федерациясы волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының мерзімінен бұрын аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитетінің, сондай-ақ Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2010 жылғы 12 наурыздағы мәлімдемесіне байланысты қабылданды.

Ерлер командалары арасындағы волейболдан 28-ші Қазақстан чемпионатының бесінші, финалдық турының нәтижелері 13 наурызда қорытындыланады. Плей-офф кезеңінің өтетіні немесе өтпейтіні жайлы әлі хабарланған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер