русский язык

ҚФФ спорттық іс-шараларды тоқтатты

ҚФФ спорттық іс-шараларды тоқтатты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясы COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты футбол, футзал, әйелдер футболы, балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық футбол, ардагерлер арасында жарыстарды, сонымен қатар, білім беру семинарлары мен әртүрлі форумдарды өткізуді тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты мен ҚР Кубогының ойындары күнтізбеге сәйкес өтеді. Алайда, жанкүйерлер үшін стадиондардың есігі жабық болады.

Қазақстан чемпионаты мен ҚР Кубогының ойындарына жарысқа қатысушылармен қатар, ресми тұлғалар мен стадион қызметкерлері қатысады.

Ойындарға БАҚ өкілдері де қатыспайды. Тек көрсетілім жұмыстарымен айналысатын арнайы топ жұмыс істейді. Профилактикалық шараны тоқтату жөнінде қосымша хабарланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;