Бокс

Қазақстандық жеңіліп көрмеген боксшылар Майамидегі бокс кеші алдында салмақ өлшеу рәсімін жасады

Қазақстандық жеңіліп көрмеген боксшылар Майамидегі бокс кеші алдында салмақ өлшеу рәсімін жасады
news-banner7
mobile-news-top

14 наурызда Қазақстан уақытымен таңертең, Майамиде (Флорида, АҚШ) жерлестеріміздің қатысуымен Manual Artime Community Center театр аренасында бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Propsorts.kz.

Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) жеңіл салмақтағы алты раундтық жекпе-жекте 35 жастағы аргентиналық Эсекиель Альберто Тевеспен (13-5, 4 КО) кездеседі. 25 жастағы қазақстандық кездесу қарсаңында таразыда өлшеніп, 126,8 фунт (лимиті 126 фунт) көрсетті. Жекпе-жек титулды емес болғандықтан, сәл салмақ артықшылығына жол беріледі.

Серік Мұсәділов (5-0, 5 КО) бірінші ауыр дивизионда америкалық Квинтелл Томпсонмен төрт раундтық жекпе-жекте (4-10-1, 4 КО) жұдырықтасады. Павлодардың тумасы таразыда 198,2 фунт көрсетіп, крузервейт шегінегі салмақ көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер