Әлем футболы

Чемпиондар лигасы. «Манчестер Сити» - «Реал Мадрид» матчы кейінге шегерілді

Чемпиондар лигасы. «Манчестер Сити» - «Реал Мадрид» матчы кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Манчестер Сити» - «Реал Мадрид» арасындағы екінші матч кейінге шегерілді, деп хабарлайды ағылшын клубының ресми сайты.

Себебі, «Реал Мадрид» баскетболшыларының бірінің қытайлық COVID-19 коронавирусымен инфекциясын жұқырып алған. Мадридтік баскетбол және футбол командасы бір базада болғандықтан, ойыншылар карантинге жатқызылды.

«Манчестер Сити» - «Реал Мадрид» матчы 17 наурызда өтуі керек еді. Алғашқы кездесуде ағылшын клубы Мадридте 2: 1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік COVID-19 індеті Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, одан 4,6 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сонымен қатар, аырғандардың 68 мыңнан астамы емделсе, қазіргі кезде әлемде 126 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер