Бокс

Василий Левит: Жауапкершілігі жоғары жарыста жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын

Василий Левит: Жауапкершілігі жоғары жарыста жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын
news-banner7
mobile-news-top

Амманда (Иордания) бокстан іріктеу турнирінде қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада жолдамасымен қатар, ел қоржынына екінші алтынды салды. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында ол жарысты қорытындылап, жанкүйерлерге қолдағаны үшін алғыс айтты.

«Осы турнирді ұтып, жеңімпаз атанғаныма шын қуаныштымын. Іріктеу турнирі басқаға қарағанда жауапкершілігі жоғары дода. Кездесу барысында жаттықтырушы айтқан кеңесті орындауға барымша тырыстым. Нәтижесінде, айтқан ақылын тыңдап, жеңіске жеттім. Мені қолдаған жанкүйерлеріме, дайындаған бапкерлер мен дәрігерлерге, біздің жарысқа қатысуымызға көмектескен барлық мамандарға алғысымды айтамын. Спортшы үшін жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды және соған лайық болғаныма қуанамын.

Іріктеу турнирінде барлық қарсыластарым осал болған жоқ. Әр кездесу маған ерекше сабақ болды. Енді осы жарыста жіберген қатені болдырмау үшін әрі қарай тынбай еңбектенеміз», - дейді Василий Левит.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер